Хабарландыру. «Межрегионэнерготранзит» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2024 жылдың 1 жартыжылдығының қорытындысы бойынша кәсіпорынның қызметі туралы қоғамдық тыңдаулар өткізіледі.
2024 жылғы 1 жартыжылдықтың қорытындысы бойынша кәсіпорын қызметі туралы, электр энергиясын беру жөніндегі қызметтерге бекітілген тарифтік сметаның орындалуы туралы, бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы, реттелетін қызметтердің сапасы мен сенімділігі көрсеткіштерінің сақталуы және тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдында қызмет тиімділігінің көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы есепті тыңдау 2024 жылғы 30 шілдеде сағат 15:00-де Қостанай қаласы, Киевская көшесі, 28-үй мекенжайы бойынша өтеді.
Есеп өткізу режимі бар ғимаратта өтетін болғандықтан тыңдаушылардың тізімі 8(7142)-56-04-86 телефоны арқылы қалыптастырылатын болады. Тізімді қалыптастыру мерзімі 2024 жылғы 29 шілдеде сағат 15-те аяқталады. Рұқсаты жоқ тыңдаушылардың өзімен бірге жеке куәлігі болуы міндетті.
Сондай ақ ZOOM платформасы арқылы онлайн режимінде тыңдауға қатысуға болады: https://us04web.zoom.us/j/79707625403?pwd=sqND5VJwsHbgt3QivnCdkWQZnRcPfg.1
Конференция идентификаторы: 797 0762 5403 кіру коды: Nf7g2k
Байланыс телефоны 8(7142) 56-04-86