Қостанай облысының энергетикалық нысандарына жұмыс сапары

Қостанай облысының энергетикалық нысандарына жұмыс сапары

«МРЭТ» ЖШС нысандарына Қостанай облысы бойынша ҚЭҚжБК аумақтық департаментінің басшысы Тимур Алдабергенов пен «МРЭТ» ЖШС бас директоры Владимир Канның қатысуымен жұмыс сапары өтті.

МРЭТ ЖШС нысандарына жұмыс сапары
«МРЭТ» ЖШС энергетикалық нысандарын аралау

Қайта жаңғырту

«Большая Чураковка» қосалқы станциясы

1972 жылы пайдалануға берілген «Большая Чураковка» қосалқы станциясында
жүргізілген қайта жаңғырту жұмыстарының нәтижелерімен танысты.

Мұнда 10 кВ жабдықтары жаңартылып, ескірген майлы ажыратқыштар
заманауи вакуумдық ажыратқыштарға ауыстырылды.
Қосалқы станция бірқатар елді мекендер мен әлеуметтік маңызы бар нысандарды,
соның ішінде сумен жабдықтау жүйесін электр энергиясымен қамтамасыз етеді.

1972
қосалқы станцияның пайдалануға берілген жылы
10 кВ
жаңартылған тарату жабдықтары
Вакуумдық
ескірген майлы ажыратқыштардың орнына орнатылды

Большая Чураковка қосалқы станциясының жабдықтарын қарау

Қарасу ауданы

Нысандарды су тасқыны салдарынан қорғау

Қарасу ауданында көктемгі су тасқынынан зардап шеккен нысандар,
сондай-ақ су басу салдарын азайтуға мүмкіндік берген
су бұру арнасы қаралды.

МРЭТ ЖШС электр желілері нысандарын аралау

Сарыкөл ауданы

Электр желілерін су басу аймағынан шығару

Сарыкөл ауданында сапарға қатысушылар электр желісінің бір бөлігін
су басу аймағынан шығару жұмыстарының барысымен танысты.
Бұл жұмыстарды жүргізу қажеттілігі көктемгі су тасқыны салдарын
талдау нәтижесінде анықталған.

МРЭТ ЖШС өкілдерінің электр желілері нысандарына жұмыс сапары

Басты міндет
Жұмыс жалғасуда. Басты міндет өзгеріссіз —
2026–2027 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңде өңірді электр энергиясымен сенімді әрі тұрақты қамтамасыз ету.